Accessibility links

Тоқаев: басымдыққа ие партиясы бар көппартиялық жүйе оңтайлы


Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасымжомарт Тоқаев саяси реформалар кезінде басымдыққа ие партиясы бар көппартиялық жүйе оңтайлы модель болатындығын мәлімдеді деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Жұма күні Астанада азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясында сөйлеген спикер көптеген дамыған елдердің, соның ішінде азиялық мемлекеттердің тәжірибесі осыны көрсетіп деп атап өтті. Тоқаевтың пікірінше, басқарушы партия халықтың қажеттілігін тез түсініп, қаржы дағдарысы жайында әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілуіне белсенді түрде қатысады.

Қазақстанда қазір 10 саяси партия тіркеуде тұр. 2007 жылы парламент сайлауының нәтижесі бойынша парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске «Нұр Отан» партиясы ғана өтті.
XS
SM
MD
LG