Accessibility links

Экология министрі Әшімов АЭС-ті қолдайды


Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов республика аумағында атом электр станцияларын салуды қолдайтындығын білдірді.

Жұма күні Астанада журналистерге берген сұхбатында Әшімов «атом энергетикасы – қазіргі таңда ең таза энергетика» деп атап көрсетті.

Бұған дейін Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов 2020 жылы Қазақстанда бір АЭС салу жобасы бар екендігін, бұл мәселеде ресейлік әріптестерімен келіссөздер жүріп жатқандығын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG