Accessibility links

Пәкістанда зымыран соққысынан он адам қаза тапты


Пәкістанның солтүстік-батысында, қашықтан басқарылатын ұшақтың екі зымыран соққысының нәтижесінде, он адам қаза болды.

Пәкістан барлау қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Вазаристандағы ауылды паналаған ауған тәлібі Жалалуддин Хаккани басқаруындағы бүлікшілер нысанға алынған болуы керек. Оның жасақтары Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштеріне шабуылдау үшін үнемі шекарадан өтіп отырады.

Хабарларға қарағанда, екі зымыран атқан қашықтан басқарылатын аппарат АҚШ әскерінікі болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG