Accessibility links

Иран халықаралық агенттікке өзінің зауытын тексертпекші


Иран ядролық ұйымының жетекшісі Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікпен арада Теһранның жаңа уран байыту зауытын тексеру туралы келісімдер жасалды деп мәлімдеді. Әли-Акбар Салехидің айтуынша, Иран мен БҰҰ-ның агенттігі арасындағы ынтымақтастықты ескере отырып, жаңа зауыттың тексерілуіне рұқсат берілмек. Бірақ ол бұл тексеру жұмыстары нақты қашан жасалатынын айтпады.

Иранның атом байытатын екінші зауыты Теһранның оңтүстігінен 100 шақырым жерде орналасқан және ол бір жылдан астам уақыттан кейін іске қосылмақ деді Салехи. Иранның сондай-ақ уран байытатын тағы бір зауыты бар. "Натанз" зауыты орталық Иранда орналасқан.
XS
SM
MD
LG