Accessibility links

Ресей Польша шекарасында зымырандарын орналастырмайтын болды


Президент Дмитрий Медведев Ресей Польшамен арадағы шекара жанында зымырандарын орналастырмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Медведев АҚШ-тың Питсбург қаласында өткен "үлкен жиырмалық" саммитінен кейін хабарлады.

Медведевтің айтуынша, Вашингтон Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жоспарынан бас тартқандықтан енді Калининградта "Искандер" зымырандарын орналастырудың қажеті жоқ. Бұдан бұрын Ресей егер АҚШ президенті Барак Обама бұрынғы президент Джордж Буштың әлгі жоспарын жүзеге асырса, онда Мәскеу өз зымырандарын орналастырады деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG