Accessibility links

Германия Мюнхеннен өтетін ұшақтарға тыйым салды


Германия билік орындары лаңкестікке қатысты қорқытып-үркітулерге байланысты бүгін Мюнхеннен өтетін рейстердің бәріне тыйым салды. Бұл қалада жыл сайын осы мезгілде сыра фестивалі ұйымдастырылады. Бұл жолы фестиваль қыркүйектің 19-да басталды. Мюнхен көшелеріне миллиондаған адам шықты.

Рейстерге байланысты тыйым қазанның 4-не дейін жалғаспақ. Дәл осы күні сыра фестивалі аяқталуы тиіс.

Соңғы апталарда Әл-Қаида мен Талибан сияқты лаңкестік топтар Германияға бағытталған қауіп-қатерлерін күшейтіп отыр.
XS
SM
MD
LG