Accessibility links

Иран зымыранын сынақтан өткізбек


Иран дүйсенбі күні зымыранын сынақтан өткізетінін хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, бұл зымыран Парсы шығанағындағы Израиль мен АҚШ базаларына жетуі мүмкін.

Мемлекеттік радионың хабарлауынша, Шахаб-3 зымыраны жексенбі күні басталған әскери жаттығулардың аясында сынақтан өткізілмек. Бұл жаттығуларда елдің Төңкерісшіл сақшылары корпусы қысқа қашықтыққа жететін екі зымыранын ұшырды.

Бұл екі арада Иран мен Батыс елдері арасындағы теке-тірес өрши түсуде себебі Теһран осы аптада уран байытатын екінші зауытын салып жатқанын хабарлады.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG