Accessibility links

Ирақтағы жарылыстан 3 полицей құрбан болды


Жексенбі күні Ирақтың батысындағы Рамади қаласының жанында орын алған жанкештілік жарылыстан кемінде 3 полиция қызметкері қаза тауып, бірнешеуі жараланды. Полицияның хабарлауынша, бір жанкешті кісі полиция бекеті жанында өзін-өзі жарып жіберген.

Бағдадтан 100 шақырым жердегі Анбар өлкесінің астанасы Рамади қаласында негізінен сунниттер тұрады. АҚШ күштері Ираққа басып кірген соң Анбарда бүлікшілер белсенділік танытқан болатын бірақ соңғы кездері бұл аймақта зорлық-зомбылық әрекеттері азайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG