Accessibility links

Түркия мен Армения қарым-қатынастарын орнататын келісімге отырады


Түркия премьер-министрінің айтуынша, Түркия мен Армения дипломатиялық қарым-қатынастарын 10 қазанда орнатады.

Премьер-министр Реджеп Таип Ердоған осындай келісімді екі елдің сыртқы істер министрлері қабылдайтындығын хабарлады. Сондай-ақ, ол түркия-армения шекарасының ашылатындығын мәлімдеді.

Келісімді екі елдің парламенттері бекітуі тиіс.

Өткен айда екі мемлекет қарым-қатынастарды жақсартуды көздейтін келіссөздер қазан айының ортасына таман аяқталатындығын мәлімдеген болатын, бірақ І-ші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясындағы 1,5 миллион армянның жаппай қырылуы төңірегіндегі пікір-таластар толастамай отыр. Түркия мұны геноцид деп танудан бас тартып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG