Accessibility links

Иран бүгін түнде орта қашықтық зымырандарын сынады


Иран екі мәрте зымыран сынағын өткізгендігін мәлімдеді. Елдің әскер басшыларының хабарлауынша, сынақтар «Ұлы пайғамбар - 4» кодтық атауымен Ислам революциясы қорғаушыларының корпусы оқулары аясында жүргізілген.

Хабарларға қарағанда, ұшырылған "Шахаб-1" және "Шахаб-2" зымырандарының бөліне алатын оқтұмсықтарды алып жүруге шамалары жетеді. Осының алдында Иран оқулар барысында қысқа қашықтық зымарандарын сынаған. Дүйсенбі күні Теһран Израиль аумағына дейін жететін "Шахаб-3" атты алыс қашықтық зымыранын сынақтан өткізеді деп күтілуде.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG