Accessibility links

Пентагон басшысы: Иран мәселесі дипломатиялық жолмен шешілуі мүмкін


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс иранның ядролық проблемасы, күш қолдану арқылы емес, дипломатиялық жолмен шешілетін шығар деп мәлімдеді.

Жексенбі күні CNN-ге берген сұхбатында Гейтс бұл оқиғаның әртүрлі жолмен өрбуі мүмкін екендігін де ескертіп өтті. Пенгатон басшысының айтуынша, Теһран уран байытуын қоймаған жағдайда оның банктері мен мұнайгаз саласына қарсы санкциялар енгізілуі де мүмкін.

Әлемнің алты державасының Иран өкілдерімен кездесуі Женевада 1 қазанда басталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG