Accessibility links

Иран Израильге дейін ұшатын зымыранды сынады


Иран бүгін "Шахаб-3" атты алыс қашықтық зымыранын сынақтан өткізді.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, зымыран екі мың шақырым жердегі нысанды көздей алады, яғни Израиль аумағына дейін ұшады деген сөз.

Сенбі және жексенбі күндері Иран кіші және орта қашықтық зымырандарын сынақтан өткізді. Сынақ Ислам революциясын қорғаушылар корпусы оқулары аясында жүзеге асты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG