Accessibility links

А.Меркель – тағы 4 жыл канцлер болады


Әлемнің жетекші елдерінің басшылары Германия канцлері Ангела Меркельді ол бастаған христиан демократтары партиясының жексенбі күні болып өткен парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтау үстінде. Атап айтқанда АҚШ пен Франция президенттері Барак Обама мен Николя Саркози және Англия премьер-министрі Гордон Браун Германиямен арадағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдірді.
Бастапқы мәліметке қарағанда, христиан демократтары парламентте еркін демократтармен бірге коалициялық үкімет жасақтауға жетерлік орынға ие болды. Бұрын христиан демократтарымен бірге коалициялық үкіметтің құрамында болған социал-демократтар алдыңғы сайлауға қарағанда 10 пайыз дауыс кем алып, жеңілгендерін мойындады және оппозицияға өтетіндерін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG