Accessibility links

Иран соғыс зымырандарын сынау үстінде


Ирандағы Ислам төңкерісі сақшылары корпусының дүйсенбі күні сынақтан өткізген екі сатылы соғыс зымыраны «Седжил» («Sejil») деп аталатын тәрізді. Иранның Фарси ақпарат агенттігі мен ағылшын тілді Пресс ТВ телеарнасы қатты отынмен ұшатын жаңа зымыранның сыналғанын хабарлады, бірақ сынақтың қаншалықты сәтті өткенін хабарламады.
Дүйсенбі күні, сонымен қатар, Иран 2 мың шақырымдық қашықтыққа ұшатын «Шаһаб-3» зымыранын сынады. Оның алдында әскерилер «Ұлы пайғамбар-4» жобасы бойынша 300-ден 700 шақырымға дейін жете алатын «Шаһаб-1» және «Шаһаб-2» зымырандарын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеді.
Бұл сынақтар Иран мен әлемнің 6 жетекші елі өкілдерінің 1 қазанға белгіленген басқосуы қарсаңында өткізіліп отыр.
XS
SM
MD
LG