Accessibility links

Германияда жаңа үкімет жасақталады


Германия канцлері Ангела Меркель осы аптада жаңа коалициялық үкімет жасақтау мәселесі бойынша келіссөз жүргізе бастайды. Оның сөзіне қарағанда, жаңа коалицияда өзі бастаған христиан демократтарының әріптесі Еркін демократтардың партиясы болмақшы. Еркін демократтардың бас хатшысы Дирк Нибель мәлімдегендей, түпкілікті салық реформасы өз партиясының басты мақсаты.
Жексенбі күнгі парламент сайлауында христиан демократтарының одағы 33 пайыз, қазіргі үкімет құрамында оның әріптесі болған социал-демократтар 23 пайыз, ал еркін демократтар 15 пайыз дауыс жинады.
Германия парламентінің төменгі палатасы – бундестагқа бас-аяғы 5 саяси партия өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG