Accessibility links

Мьянма: оппозиция көсемі санкцияны тоқтатып көрмекші


Мьянмадағы демократиялық оппозицияның көсемі Аун Сан Су Чжи елдің әскери билігінен өзіне Мьянмаға қарсы бағытталған халықаралық санкцияларды тоқтатуға мүмкіндік беруін сұрайды.
Журналистерге оппозицияның ресми өкілі хабарлағандай, өз үйінде қамауда отырған Су Чжи халықаралық санкцияны тоқтату мүмкіндігін талқылау үшін өзінің шетел елшілермен кездесуіне рұқсат беруін сұрап әскери хуантаның қолбасшысы, генерал Тан Швеге ұсыныс жолдады.
Мьянмаға қарсы санкция әскери хунта оппозицияның жеңісін мойындамаған 90-ыншы жылдардың басында енгізілді. Сол кезде Аун Сан Су Чжи тұтқындалып, соңғы 20 жылдың 14 жылын өз үйінде қамауда өткізді.
XS
SM
MD
LG