Accessibility links

Батыс Иранның зымыран сынақтарына алаңдайды


Батыс елдері Иранның соңғы 2 күндегі соғыс зымырандарын сынақтан өткізуіне қатты алаңдайды.
Иранның Ислам төңкерісі сақшылары корпусының жақын, орта және ұзақ қашықтыққа ұшатын соғыс зымырандарын сынауы әлемнің жетекші 6 елінің өкілдерімен 1 қазанда өтуге тиісті кездесуі қарсаңында күш көрсеткеніне ұқсайды.
Францияның сыртқы істер министрлігі ресми Теһраннан «тұрақтылықты шайқайтын іс-әрекетін» дереу доғаруды талап етті және Иранды теке-тірестің емес, ынтымақтастықтың жолын таңдауға шақырды.
ЕуроОдақтың сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана зымыран сынақтарына алаңдап, Теһранды уран шикізатын байытатын екінші жобасына қатысты проблеманы дереу шешуін талап етті.
Өткен аптада Иран Қом мекені маңында жер астында уран байытатын екінші кәсіпорнын ашқан құпиясын жариялады. Батыс шенеунектерінің мәлімдеуінше, бұл кәсіпорын Иранның ядролық қару жасау жоспары барлығын айғақтай түседі. Иранның сыртқы істер министрлігі оны теріске шығарды.
XS
SM
MD
LG