Accessibility links

АҚШ Армения мен Түркияны екі жақты байланысты реттеуді аяқтауға шақырды


АҚШ-тың мемлекететтік хатшысы Хиллари Клинтон Түркия мен Арменияны екі жақты қарым-қатынасты реттеу жөніндегі жоспарларын жүзеге асыруға шақырды.

Дүйсенбі күні Клинтон Нью-Йоркте екі елдің сыртқы істер министрлерімен кездесті.

Жақын күндері Түркияның премьер-министрі Реджеп Эрдоған 10 қазанда Швейцарияда Армения мен Түркияның СІМ басшылары дипломатиялық байланыс орнату туралы келісімге қол қоятындығын хабарлады.

Түрік оппозициясы Ереван Осман империясында армяндардың геноцидін мойындату жөніндегі халықаралық саясатын тоқтатпайынша, сонда-ақ Таулы Қарабах мәселесі шешілмейінше бұл құжаттың парламентте мақұлдануын болдырмайтындығын жариялады.
XS
SM
MD
LG