Accessibility links

Сәрсенбайұлы мен Дувановты әкімшілік сотқа шақырды


Бүгін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы мен тәуелсіз журналист Сергей Дувановқа қарсы сот болады. Олар рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін әкімшілік сотқа тартылып отыр.

Сәрсенбайұлы мен Дуванов 23 қыркүйек күні Алматының Арбатына шығып, адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтиске қатысты шығарылған сот шешіміне қарсы «Бүгін - Жовтис, ертең - сен!» атты наразылық акциясын өткізген болатын.

Бұған дейін дәл осындай акция өткізгені үшін журналист әрі саясаттанушы Виктор Ковтуновский мен тәуелсіз журналист Андрей Свиридовке әкімшілік айыппұл салынған еді.
XS
SM
MD
LG