Accessibility links

Президент кеңесшісі "Жовтис ісіне" халықаралық қысым көрсетпеуге шақырды


Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтиске қатысты сот процесі толық аяқталмайынша сотқа халықаралық қысымшылық жасауға жол бермеуге шақырды деп хабарлады Қазақстанның СІМ баспасөз қызметі.

«Варшавада ЕҚЫҰ адам құқығы және демократиялық институттар жөніндегі Бюро Жиналысының сессиясында сөйлеген Ертісбаев адам құқығын қорғаушы Жовтиске қатысты сот процесі Қазақстанның заңдарына сай екендігін атап көрсетті» делінген министрлік таратқан мәліметте.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Осы іс бойынша апелляциялық шағым 20 қазанда қаралады.
XS
SM
MD
LG