Accessibility links

Барак Обама Чикагоның Олимпиада-2016 ойындарын өткізу өтінішіне қолдау көрсетеді


АҚШ президенті Барак Обама 2016 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өзінің туған қаласы Чикагода өткізу ұсынысын қолдау үшін осы аптада Копенгагенге барады.

Мадрид, Рио-де-Жанейро және Токио қалалары да Олимпиаданы қабылдауға ұсыныс берген. Жеңімпаз 2 қазанда Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында анықталады.

Дания астанасына, сондай-ақ, Испания королі Хуан Карлос, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Сильва және Жапония премьер-министрі Юкио Хатояма келеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG