Accessibility links

Иранның зымыран сынақтары алаңдаушылықты күшейтті


Батыс елдері мен Ресей Иранның ұзақ қашықтыққа жасаған зымыран сынақтарына алаңдаушылық танытты.

Иранның революциялық сақшылары дүйсенбі күні 2 мың шақырымға дейін жететін Шахаб-3 және Саджил зымырандарын ұшырған.

Бұл зымырандар Израиль мен Еуропаның бір бөлігіне және Таяу Шығыстағы АҚШ базаларына дейін жетеді делініп отыр.

Құрама Штаттар мен Франция сыртқы істер министрлігі Иранның зымыран ұшыруын арандатушылық деп бағалап отыр. Әлемнің алпауыт елдері қазанның 1-і күні Иран ресмилерімен кездесуі керек.
XS
SM
MD
LG