Accessibility links

Гвинея күштері 90-ға жуық адамды өлтірді


Батыс африкандық ел Гвинеяда қауіпсіздік күштерінің оппозициялық шерушілерге оқ атуынан кемінде 90 адам қаза болған.

Хабарларға қарағанда, дүйсенбі күні ел астанасы Конакри қаласындағы стадионға жиналған елдің әскери жетекшісіне қарсы наразылық танытушы мыңдаған адамға үкіметтік жасақтар оқ шашқан.

Оппозициялық шеру ел жетекшісі, армия капитаны Мусса Дадис Камараның қаңтар айына белгіленген президенттік сайлауға түсу мүмкіндігіне қарсы өтті.

Камара өткен жылы елді жиырма шақты жыл басқарған президент Лансана Контенің өліміне әкелген қанды төңкеріс арқылы билікті басып алған.

Франция өзінің бұрынғы аймағы Гвинеядағы қанды қақтығысты айыптаған мәлімдеме таратты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG