Accessibility links

Салехи: Иран ядролық құқы туралы талқыламайды


Иранның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі бейсенбі күні әлемнің алты елімен кездесуде Иран өзінің ядролық құқықтары туралы талқыламайды.

Оның ішінде Иранның жаңадан ашылған уран байыту зауыты бар деді агенттік басшысы Али Акбар Салехи. Оның айтуынша, Иран тіпті екінші рет те өзінің қорыту жұмыстарын тоқтата алмайды.

Бұларада Иран парламенті таратқан мәлімдемеде, егер Батыс елдері бұрынғы қателерін қайталаса Теһран ынтымақтастықты тоқтатуы мүмкін деп ескерткен.

Иран ресмилері қазанның 1-де Женевада өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері АҚШ, Британия, Франция, Ресей, Қытай және Германиямен Иранның ядролық мсәселесіне қатысты келіссөздерге қатысу керек.
XS
SM
MD
LG