Accessibility links

Ақтөбеде нан бағасы 6 теңгеге қымбаттайды


1 қазаннан бастап Ақтөбеде бірінші сорттағы нан бағасы 6 теңгеге қымбаттайды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Осылайша бөлке нанның нарықтағы бағасы 45 теңге болады. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2 теңгеге арзан.

Нан бағасының көтерілуі биыл тұрақтандыру қоры аймақтағы құрғақшылық салдарынан құрылмайтындығына байланысты туындап отыр. Осы жылы Ақтөбеде астық алқабының 30 пайызы күйіп кеткен.
XS
SM
MD
LG