Accessibility links

Самоада цунамиден қаза болғандардың саны 80-ге жетті


Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде су асты жер сілкінісінен туындаған цунамидің салдарынан Самоа аралдарында 80-ге жуық адам қаза болды, 120-дан астамы жараланған. Хабарларға қарағанда, бірнеше ауылды алып толқындар шайып кеткен.

АҚШ президенті Барак Обама Американдық Самоаны «апат аймағы» деп жариялады. АҚШ үкіметі апаттан зардап шегушілерге көмектеседі.

Магнитудасы сегіз баллдық жер сілкінісінің ошағы Американдық Самоадан оңтүстік-батысқа қарай 190 шақырым жерде тіркелді. Енді цунами Жаңа Зеландияға қауіп төндіріп тұр. Жапонияның метеорологиялық агенттігі де цунами қауіпі туралы хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG