Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ сарбазы құрбан болды


Ауғанстанның шығысында орын алған бомба жарылысынан американдық сарбаз қаза тапты. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, бұл шабуыл Хост өлкесінде болған.

Провинция әкімінің орынбасары Тахир Хан Сабаридің айтуынша, Пәкістанмен арадағы шекараға жақын жерде орналасқан Мандозай ауданында АҚШ әскерилерінің көлігіне шабуыл жасалған.

Сонымен ақтар, Ауғанстан ішкі істер министрлігі сейсенбі күні кешке Фарах өлкесінде 22 Талибан бүлікшісінің көзі жойылды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG