Accessibility links

Женевада Иран мәселесі талқыланбақ


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты маңызды келіссөздердің алдында мәлімдеме жасады. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ахмадинежад әлемнің алпауыт елдері қалаған саясатын жүргізуі мүмкін бірақ Иранға зиян тимейді деген.

Иран ресмилері бейсенбі күні Женевада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия өкілдерімен кездеспек. АҚШ пен оның одақтас елдері Иранның уран байыту бағдарламасын талқыламақшы. Батыс елдері Теһран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Иран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG