Accessibility links

Женевада Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер басталады


Бүгін әлемнің алты державасының өкілдері Женевада Иран делегациясымен кездесіп, Теһранның ядролық бағдарламасын тоқтату қажеттігі туралы келіссөздер жүргізеді.

Кездесуге ЕуроОдақ басшылығының өкілі Хавьер Солана төрағалық етеді.

Келіссөздер қарсаңында Иран өзінің ядролық бағдарламасын, атап айтқанда уранды байыту мәселесін талқыламайтындығын, сондай-ақ бейбіт атом саласындағы жұмыстарды атқаруға өзінің де құқылы екендігін мәлімдеді.

АҚШ және оның одақтастары егер Иран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты көздейтіндігінің дәлелін таныстыруға келіспесе, онда Теһранға қарсы халықаралық санкциялардың төртінші сериясы енгізілуі мүмкін екендігін ескертті.
XS
SM
MD
LG