Accessibility links

Елена Бахмутова: БТА Банктің лицензиясы қайтарылуы мүмкін


Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі БТА Банктен лицензиясын қайтарып алуы мүмкін деп хабарлады «Новости-Қазақстан».

Агенттік төрағасы Елена Бахмутованың айтуынша, егер БТА Банк 2009 жылдың 7 желтоқсанына дейін несиегерлермен келісімшарт жасаспаса, онда ол банк консервацияланып, оның лицензиясы қайтарылуы мүмкін.

Халықаралық рейтингтік агенттіктер БТА Банк қарыздарының жиынтығын 12 млрд доллар деп бағалады, соның шамамен 4 млрд долларын банк биыл қайтаруы тиіс.

БТА Банк акциясының 78 пайызына «Самрұқ-Қазына» мемлекеттік қоры иелік етеді.
XS
SM
MD
LG