Accessibility links

Ақ үй: Обама Ауғанстан бойынша жауапты өкілдерімен сөйлесті


АҚШ президенті Барак Обама өзінің әскери және ұлттық қауіпсіздік кеңесшілерімен кездесіп, Ауғанстан мен Пәкістандағы келесі қадамдары қалай болатыны туралы талқылады.

Ақ үйдің өкілі Роберт Гиббс хабарлағандай, сәрсенбі күнгі үш сағаттық кездесуден кейін президент Обама алдағы бірнеше аптада бұл аймақтағы АҚШ-тың стратегиясын қайта қарап, қазанның 7-сі күні жетекші кеңесшілерімен қайта кездесуді жоспарлаған.

Ресмилер бұл кездесуде басты назар Құрама Штаттар Ауғанстандағы талибан бүлікшілерімен күресуге мыңдаған әскер жіберу керек пе, жоқ па деген мәселе турасында болды деді.

Қазірдің өзінде Ауғанстанда АҚШ-тың 60 мыңнан аса күштері бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG