Accessibility links

ХВҚ: Әлем дағдарыстан болжанғаннан тезірек шыға бастады


Халықаралық қаржы қоры әлем елдері рецессиядан тезірек шыға бастады деп отыр. Өзінің соңғы бағалау есебінде әлемдік қаржы қоры ғаламдық экономика осыған дейін 2,5 деп болжанғаннан 3,1 пайыз деңгейінде қалып отыр деді.

Алайда қор дағдарыстан шығу ақырын болатынын және экономикалық құлдырау қаупі әлі қалып отырғанын ескертеді.

Дүниежүзілік экономикалық бағалауларда Ресей мен бұрынғы совет елдері экономикалық тығырықтан шығуда қиыншылықтарға тап болып отыр дейді.

Онда жетекші энергетикалық ел Ресейдің экономикасы 2009 жылы 7,5 пайызға төмендеп, 2010 жылы ол көрсеткіш 1,5 процентке өсуі мүмкін делінген.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG