Accessibility links

АҚШ Конгресі Пәкістанға үш еселенген көмекті мақұлдады


Құрама Штаттар Конгресі Пәкістанға беретін қаржылық қолдауын үш есеге көбейткен заңын мақұлдап, бұл елдегі радикализм мен анти-американдық бағытты тоқтатпақшы.

Бұл заң жобасы бойынша Пәкістанға алдағы бес жылға 1,5 млд доллар бөлінеді. Ол қаражат Пәкістанның заң және сот жүйесін, қоғамдық білім, денсаулық сақтау және адам құқықтары жағдайын жақсартуға бағытталған.

Және ол көмек шаралары Пәкістандағы нақты бір жағдайларға әскери қолдау танытады. Олардың қатарында Пәкістанның ядролық қару таратуды тоқтатуда ынтымақтастыққа келуі, террорлық топтармен күресіндегі міндеттемелерін орындауы және әскери күштердің елдегі саяси әрі сот процестеріне әсер етпеуіне кепілдік жасауы еніп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG