Accessibility links

Н. Назарбаевтың Атырауға сапары бүгін аяқталады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау қаласына сапары кезінде мәңгілік президент болу ұсынысы тағы айтылды. Ол ұсынысты осы жолы №6 мектептің директоры Хамза Ғабдуллин алға тартты.

Президент Назарбаевқа өмірлік президент болуды осыған дейін ақтөбелік профессор Закратдин Байдосов айтқан болатын.

Қазақстан президенті Атыраудағы сапары кезінде бірнеше нысандарды аралаған. Оның бірі бейсенбі күні жылу электр стансасында күші 25 мегаваттық турбиналардың жаңадан іске қосылу cалтанатына қатысты.

Сонымен қатар президент Назарбаев Атырау мен Маңғыстау аумағындағы ұзындығы 397 шақырым «Қарабатан-Бейнеу» автожолдарының ашылуы мен бюджет қызметкерлеріне арнап салынған «Алмагүл» шағын ауданындағы перзентхана үйін аралады. Бұл екі жобаның жалпы құны 26 млрд. 587 млн. теңгені құрайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG