Accessibility links

Франция министрлері Мәскеуде жүр


Бүгін Францияның сыртқы және қорғаныс министрлері Мәскеуде ресейлік әріптестерімен келіссөздер өткізуде.

Сыртқы істер министрі Бернард Кушнер мен қорғаныс министрі Эрве Морен сонымен қатар Ресей президенті Дмитрий Медведевпен те кездеседі. Келіссөздер қауіпсіздік мәселесіне арналған.

Мәскеудегі бұл кездесу ертеректе жоспарланған, бірақ Ресей мен Франция өкілдері де қатысатын Женевадағы Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері арасында өтіп жатқан келіссөздермен тұспа-тұс келіп отыр.
XS
SM
MD
LG