Accessibility links

Украинаның Нафтогазы қарыздарын өтей алмады


Бүгін Украинаның мемлекеттік энергетикалық компаниясы құны 500 млн доллар болатын еуробондтарын белгіленген мерзімде төлей алмады. Ол қаражат сәрсенбінің түнінде өтелуі керек болған.

Ресейдің табиғи газын еуропалық тұтынушыларға жеткізетін тасымалдаушы компания ретінде Нафтогаздың жағдайын Еуропа Одағы жіті бақылауында ұстап отыр.

Нафтогаздың бұрынғы қарыздарының төленбеуі осыған дейін де газ тасымалын тоқтатқан.

Нафтогаз басшысы Олег Дубина сәрсенбі күні еуробондтармен қоса 1 млд 65 млн доллар болатын шетелдік қарызды қайта реттеу жөніндегі соңғы келісім енді тек қазанның 9-да жасалуы мүмкін деді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG