Accessibility links

Б. Кушнер: Иран санкцияларға әлі де тосқауыл қоя алады


Бүгін Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнер Иранның ядролық бағдарламасына байланысты жаңа санкцияларға жол бермеуге әлі де мүмкіндігі бар деді. Ол Женевадағы келіссөздер жетістік әкеледі деген үмітін жеткізді.

Мәскеуде Ресей жетекшілерімен кездескен Франция сыртқы істер министрі Женевада басталған келіссөздер жағдайды реттеуге мүмкіндік береді деп үміттенетінін білдірді.

Бірақ Кушнер Иранға қарсы санкциялар болуы қажет деп Ресей президенті Дмитрий Медведевтің бағыты өзгергенін мадақтады.

Бұларада Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибанд Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздерге байсалды келуі керек деді.
XS
SM
MD
LG