Accessibility links

Женевада АҚШ-Иран ресмилері келіссөздер өткізді


Құрама Штаттар мен Иран соңғы 30 жылда жоғары деңгейдегі келіссөздерін өткізді. 1980 жылдары дипломатиялық байланыстары үзілген тараптар Женевадағы халықаралық жиын аясында кездесті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының өкілі Роберт Вудтың айтуынша, Уильям Бөрнс ирандық ядролық мәмілегер Саед Жалилимен келіссөздер өткізді, бірақ кездесуде айтылған мәселелер туралы айтылмады.

Женева кездесулері Теһранның даулы ядролық бағдарламасына байланысты Иран мен әлемнің алпауыт алты елінің басын қосты. Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Жалили Женевадағы бір күндік кездесуде Теһран өзінің ядролық құқын сақтап қалады деп айтты деп жазуда.

Құрама Штаттар мен оның одақтастары Теһранның жоққа шығаруына қарамастан, Иран ядролық бомба жасамақшы деп күдіктеніп келеді.

Ирандық баспасөздің жазуынша, Иран мен БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты алты мүшесі осы айдың соңында тағы да келіссөздер өткізуге келіскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG