Accessibility links

Обама: Иран өз уәдесінде тұруы керек


АҚШ президенті Барак Обама әлемнің ірі алты державасының Иранмен келіссөздерін «конструктивті бастама» деп атады. Бұған қоса Обама Иранды «өзінің айтқандарын іспен дәлелдеуге» шақырды.

Женевадағы келіссөздерге Иран және алты державаның - Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, сондай-ақ АҚШ-тың өкілдері қатысты.

Келіссөздер барысында Иран алдағы екі аптаның көлемінде Кум қаласындағы уран байытатын жаңа зауытты халықаралық инспекторларға көрсетуге рұқсат ететіндігін мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG