Accessibility links

Мьянма билігі Су Чжиге шығарылған үкімді қайта қараудан бас тартты


Мьянма билігі демократиялық оппозиция көсемі Аун Сан Су Чжиге қарсы жақында шығарылған үкімді қайта қараудан бас тартты: жергілікті сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмады.

Тамыз айында сот бір американдық азаматтың көлден жүзіп өтіп Су Чжидің үйіне барғаны үшін оппозиция басшысын үйқамақтың ережесін бұзды деп айыптап, қамаудағы мерзімін тағы 18 айға ұзарту туралы шешім шығарған болатын. Соттың бұл шешімі халықаралық қауымдастықтың наразылығын туғызды. Сарапшылар әскери хунта осы арқылы Су Чжиді келесі жылғы сайлаудан шеттеткісі келеді деп есептейді.

Нобель сыйлығының 64 жастағы иегері Су Чжиді қамау туралы үкім шыққанына биыл 20 жыл толды. Оның 14 жылын Су Чжи қамауда өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG