Accessibility links

Олимпиада-2016: Обама Чикагоны қолдау үшін Данияға барды


АҚШ президенті Барак Обама өзінің туған қаласы – Чикагоға қолдау білдіру үшін бүгін Данияға барды. Копенгагенде Халықаралық Олимпиада комитеті 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасын таңдайды.

Бұл мәртебеге 4 қала - Чикаго, Токио, Мадрид және Рио-де-Жанейро – таласады.

ХАК мәжілісіне, өз үміткерлерін қолдау үшін, АҚШ президенті Барак Обама, Жапония премьер-министрі Юкио Хатояма, Испания королі Хуан Карлос және Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва қатысады.

2012 жылғы Олимпиада Лондонда өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG