Accessibility links

Израиль қамаудағы 20 палестиндік әйелді босатпақ ниетте


Израиль бүгін Иорданның батыс жағалауында қамауда отырған 20 палестиндік әйелді босатпақ ниетте.

Осындай шешімге Хамас бүлікшілерінің қамауында 2006 жылдың тамызынан бері отырған сарбаз Гилад Шалитдің бейнетаспасын Израильге тапсыру туралы келісім себеп болып отыр.

Бұл таспа Шалиттің тірі екендігінің алғашқы дерегі болмақ.

Хамас ұйымы Шалиттің орнына Израиль түрмелеріндегі жүздеген палестиндікті босатуды талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG