Accessibility links

Ирландия Лиссабон келісіміне екінші рет дауыс береді


Бүгін ирландиялықтар Еуропа Одағының Лиссабон реформалық келісімі бойынша референдумға қатысады.

Бұл келісімге елде екінші рет дауыс берулер өтуде. Өткен жылы Ирландия келісімді қабылдаудан бас тартқан. Лиссабон келісімі Еуропа Одағының шешім қабылдау құзырын бір жүйеге түсіретін құжат.

Ирландиялықтар еуропалық әріптестері бұл келісім егемендікке қатысты мәселелерге әсер етпейді деп кепілдік берген соң, екінші рет дауыс беруге келісті.

27 мүшесі бар Еуропа Одағы елдерінде тек Ирландия ғана бұл келісімді референдумға шығарып отыр. Еуропалық елдерден Чехия мен Польша Лиссабон келісімін әлі бекіткен жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG