Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ, Британ сарбаздары мерт болды


Ауғанстандағы бүлікшілер шабуылынан американдық және британдық әскер қаза тапты.

АҚШ әскерилерінің өкілі хабарлағандай, өткен түнде Ауғанстанның шығысындағы американ күштеріне қарсы жасалған шабуылдан бір әскер мерт болып, бірнешеуі жараланды.

Британ әскерилері де Хельманд провинциясындағы әскери базаларына жақын маңда бомба жарылысы болып, бір сарбазы мерт болғанын айтуда.

Осы жылы Ауғанстандағы шетелдік күштер арасында адам шығыны көп болды.
XS
SM
MD
LG