Accessibility links

Молдова жетекшісі немере інісін банк басшысына үміткерліктен алды


Бүгін Молдова президентінің міндетін атқарушы Михай Гимпу непотизм айыптауларына байланысты өзінің немере інісін Орталық банк басшысы етіп тағайындау ұсынысын қайтып алды.

43 жасар Корнелиу Гимпу Орталық банк төрағасы қызметіне ұсынылған жалғыз кандидат болған.

Парламент спикері әрі президенттік қызметті атқарып отырған Михай Гимпу өз туысын кандидат ретінде алға тартуына, оның жоғары деңгейдегі кәсібилігі себеп болғанын айтты.

Гимпудың сыншылары болса, оның тағы да немере інілері Кишинев қалалық басшылығында отырған Дорин Киртоакэ мен Либерал партиясындағы жетекшілердің бірі оның туысы екенін алға тартты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG