Accessibility links

Канадалық клоун ғарыш бекетіне жетті


Ресейдің Союз ғарыш кемесімен ұшқан миллиардер клоун Халықаралық ғарыш бекетіне тоқтады.

Осыдан екі күн бұрын екі ғарышкер мен канадалық бұл саяхатшы Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып шыққан болатын.

Канаданың "Цирк дю солей" компаниясының негізін қалаған Ги Лалиберте американдық астронавт және ресейлік космонавтпен ғарышта 12 күн болады. Лалиберте бұл сапарына 35 млн доллар төледі.
XS
SM
MD
LG