Accessibility links

Мәскеу әуежайында қырғыз құқық қорғаушысынан оқ табылған


Ресейлік шекарашылар Қырғызстанның адам құқын қорғаушы белсендісін Шереметьево әуежайында тоқтатып, оның қол сөмкесінен Калашников қаруының оғы табылғанын айтқан.

Белгілі құқық қорғаушы Азиза Абдрасулова Азаттық радиосына хабарлағанында, өзінің Варшавадағы адам құқықтарына арналған конференциядан Бішкекке қайтып бара жатқанын айтқан. Оның ұшағы Мәскеу арқылы болған.

Ол Мәскеу әуежайында 2,5 сағатын оқтың қайдан шыққаны туралы түсінік берумен өткізген.

Абдрасулованың сөзіне қарағанда, ол Варшавадан ұшып шыққанда қол жүгінде ешқандай оқ болмаған. Ол оқты біреулер әдейі салып қойып, арандатушылық жасады деп отыр.
XS
SM
MD
LG