Accessibility links

Индонезия: Зілзіла қирандысы астында 3 мың адам қалды


Индонезияның Денсаулық сақтау министрлігі екі күн бұрын орын алған Суматра аралындағы қуатты жерсілкінісінен қираған үйлер астында шамамен 3 мыңдай адам қалуы мүмкін деп хабарлады.

Министрлік өкілі сәрсенбі күнгі зілзаладан 715 адам қаза тапқаны нақтыланды деді.

Табиғат апатынан құрбан болғандардың көбі Паданг қаласының тұрғындарды болып отыр. Хабарларға қарағанда, бұл аймақта 20 мың тұрғын үй мен ғимараттар қираған.

Шетелден құтқарушылар көмегі келгенімен, жарықтың істен шыққаны мен қажетті жабдықтардың жетіспеушілігі іздеу шараларына кедергі болуда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG