Accessibility links

Назарбаевтың Бакуге сапарында бірқатар келісімдер жасалды


Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың Әзірбайжанға ресми сапары барысында Қазақстан мен Әзірбайжан үкіметтерінің арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы азаматтардың өзара визасыз жол жүру ережелері туралы келісімге, екі елдің үкіметтері арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған берешекті өтеу туралы келісімге, сондай-ақ ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Бұдан бөлек Қазақстанның Ақтау қаласы мен Әзірбайжанның Сумгайт қаласы арасында бауырлас қалалардың қатынастарын орнату туралы бірлескен декларация қабылданды.

Және де Қазақстан мен Әзірбайжан энергетика саласындағы бірқатар құжаттарға қол қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG