Accessibility links

Армения коалициясы Түркиямен байланыс құруды қолдайды


Бүгін үш партиядан құрылған Арменияның жетекші коалициясы Түркиямен байланыстарға қолдау көрсететіндіктерін айтты.

Парламенттегі басым дауысты иеленіп отырған олардың бірлескен мәлімдемелерінде, Ереван мен Анкараның қарым-қатынасын жақсартуды оң қабылдап, қолдаймыз делінген.

Және онда барлық Армения азаматтарын, барлық саяси және әлеуметтік ұйымдарды, сондай-ақ әлемдегі барлық армяндарды бұл процес сәтті болу үшін қажетті жағдай тудыруға шақырған.

Бұл мәлімдеме Армения президенті Серж Саркисян әлемдегі ықпалды деген армян қауымдастықтарын аралап, бір ғасырға жуық жаулық қарым-қатынаста болған Түркиямен байланыстарды жақсартуға қолдау іздеп жүргенде болып отыр.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG